Заводтың алғашқы директоры АО «Казахский
газоперерабатывающий завод»
Григорьев Иван Владимирович 1930 жылы 29 қазанда Татар АССР-нің Альметевск қаласына қарасты
Абрамовка ауылында дүниеге келген. Ұлты татар. Білімі жоғары. Қазан қаласының С.М.Киров
атындағы химия-технологиялық институтын инженер-механик мамандығы бойынша 1954 жылы
бітірген. Жанұялы. Бір ұл, бір қызы бар. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Татарстанның
Мұнайгаз трестінде әртүрлі қызметтер атқарған. 1971 жылдың наурыз айынан СССР-дің мұнай
өндірісі Министрлігіне қарасты Қазақ ССР-нің Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласына
орналасқан Қазақ газ өңдеу зауытының директоры қызметіне тағайындалған. Ол зауытты басқарған
жылдары 16.03.1971 жылдан бастап 01.10.1973 жыл аралығында зауыттың алғашқы қазығын қағып, 1
кезегін тұрғызып, оны іске қосқан, алғашқы өнімді шығырған азамат.
Ширшов Леонид Николаевич
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
1973 жылы 01 қазанда Москва қаласындағы Мұнай министірлігі шешімі бойынша Григорьев Иван
Владимирович Қазақ газ өңдеу зауытының директоры қызметінен босатылды, орнына Ширшов Леонид
Николаевич тағайындалды. Ширшов Леонид Николаевич - 1930 жылдың 20 шілдесінде Башқұрт
АССР-нің Уфа ауданындағы № 3 совхозында дүниеге келген. Ұлты орыс. Білімі жоғары. Татар
АССР-нің Альметевскі қаласындағы Мұнай институтының кешкі бөлімінің механикалық факультетін
бітірген. Бұған дейін және кейін екі техникумда оқып диплом алған. Жанұялы. Отбасында бір
ұл, бір қызы бар. Ширшов Л.Н. еңбек жолын 1946 жылы тракторшы болып бастаған. 1947-1950
жылдары ауылшаруа-шылық техникумын оқып бітірген. Бұған дейін және кейін екі техникумда оқып
диплом алған. Жанұялы. Отбасында бір ұл, бір қызы бар.
Ширшов Л.Н. еңбек жолын 1946 жылы тракторшы болып бастаған. 1947-1950 жылдары
ауылшаруа-шылық техникумын оқып бітірген. Техникумды бітірген соң аз ғана уақыт учаскелік
механик жұмысын атқарған. Осы жұмыста жүріп әскер қатарына шақырылып, 1955 жылға дейін
моторшы, аға моторшы, моторшы-нұсқаушы болып Хабаровск өлкесіндегі СССР қарулы күштерінің
бөлімдерінде қызмет істеген. 1955-1968 жылдар аралығында Татар АССР-нің Альметевск қаласына
орналасқан СССР-дің Газ өнеркәсібі министрлігіне қарасты Минибаев атындағы газ өңдеу
зауытында машинист қызметінен бастап цех бастығы қызметі жолдарынан өткен. 1968 жылдан 1973
жылға дейін Малгобек қаласындағы газ өңдеу зауытында директор болған.
01.10.1973 жылдан бастап Жаңаөзен қаласындағы газ өңдеу зауытына директор болып
тағайындалған. 1980 жылы денсаулығына орай өз өтініші бойынша директордың экономика
жөніндегі қызметіне ауыстырылған.
Л.Н.Ширшов қай қызметте жүрседе белсенділік көрсетіп, қоғамдық жұмыстарға
араласқан.
Әркездері қалалық партия комитеттерінің мүшесі болып, қалалық, облыстық Кеңестерге депутат
болып сайланған. Қажырлы еңбегінің арқасында «Құрмет белгісі» ордені және медальдармен
наградталған.
1974 - 21 қаңтар. Директор Ширшов Леонид
Николаевичтің басшылығымен Қазақ газ өңдеу зауыты
өз өнімдерінің алғашқы партиясын - 15 арнайы цистернамен сұйытылған газды жөнелтті, бұл
техника пропан-бутанға арналған цистерналар Гурьев химия зауытына және Салават мұнай-химия
комбинатына (Башкор-тостанға) жіберілді. Осы күннен бастап сұйық көмірсутегі жүйелі түрде ел
экономикасының қажеттіліктеріне жарату басталды.
Фомин Геннадий Петрович
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
1980 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақ газ өңдеу зауытының директоры болып Фомин Геннадий
Петрович тағайындалды. Фомин Геннадий Петрович - 1942 жылдың 26 маусымында Шешен-Ингуш
АССР-нің Орджоникидзе стансасында дүниеге келген. Ұлты орыс. Білімі жоғары. Грозный
қаласындағы мұнай институтының химия өндірісіндегі машина және аппараттар бөлімін 1967 жылы
инженер-механигі мамандығы бойынша бітірген.
Жанұялы. Отбасында үш қызы бар. Қазақ газ өңдеу зауытында еңбек жолын 1972 жылы №1 газ өңдеу
цехының 1 блогы қондырғы бастығынан бастаған, яғни зауыты алғаш жұмысқа қосқандардың бірі.
Содан, ол 1975 жылы №1 газ өңдеу цехының бастығы, 1977 жылы бас технолог, 1980 жылдың сәуір
айында бас инженер болып ауысып, 1980 жылдың желтоқсан айынан осы зауытқа директорлыққа
тағайындалған. Бұл қызметті 1986 жылдың наурызына дейін істеген.
Правенький Антолий Яковлевич
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
1986 жылы наурыз - айында Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Правенький Антолий
Яковлевич тағайындалды.
Правенький Антолий Яковлевич 1936 жылдың 1-ші сәуірінде Ворошиловград облысының Стаханов
қаласында дүниеге келген. Ұлты украин. Білімі жоғары. Грозный қаласындағы мұнай
институты-ның мұнай технологиясы факультетінің мұнай және газ өңдеу инженер-технологы
мамандығы бойынша 1959 жылы бітірген.
1980 жылы Ленинград қаласындағы Тольятти атындағы инженер-экономика институтының
өнеркәсіпті ұйымдастыру-шы мамандығын алған. Жанұялы. Отбасында екі қызы бар. Еңбек жолын
институтты бітірген соң 1960 жылы төменгі қызметтен бастап, сатылап өсіп, 1968 жылы цех
бастығының орынбасары, цех бастығы болған. 1973 жылы Краснодар қаласындағы мұнай және газ
өңдеу ғылыми институтына ауыстырылып, ол жерде бас технолог, техникалық бөлімінің бастығының
орынбасары, бастығы қызметтерін істеген. 1980 жылдың қазан айында Жаңаөзен қаласындағы Қазақ
газ өңдеу зауытына бас инженердің орынбасары болып тағайындалған. 1986 жылдың наурыз айымен
1991 жылдың қараша айы аралығында зауыт директоры қызметін атқарған.
Саурин Александр Петрович
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
1991 жылы қараша айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Саурин Александр
Петрович тағайындалды.
Саурин Александр Петрович - 1943 жылы тамыз айының 26-да Грозный қаласында дүниеге келген.
Ұлты орыс. Білімі жоғары. Бүкілодақтық сырттай оқыту политехникалық институтының
инженер-химик технолог факультетінің мұнай және газ өңдеудің химиялық технология бөлімін
1968 жылы бітірген. Жанұялы.
Отбасында ұл-қызы бар. Қызметін Грозный қаласында бастап, әртүрлі қызметтерді мамандығы
бойынша атқарған. 1987 жылы Жаңаөзендегі Қазақ газ өңдеу зауытына бас инженер болып
тағайындалып, бұл қызметті 1991 жылдың тамызына дейін істеген. 1991 жылғы қарашадан 1993
жылғы желтоқсанға дейін директор қызметінде болған.
Бердіғұлов Сәрсенбек Табылдыұлы
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
1993 жылы қараша айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Бердіғұлов Сәрсенбек
Табылдыұлы тағайындалды. Бердіғұлов Сәрсенбек Табылдыұлы - Маңғыстау облысында 1947 жылы
туылған. Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу зауытындағы еңбек жолын 1974 жылы
технологиялық қондырғылар операторы болып бастаған. Зауыттағы барлық қызмет баспалдақтарынан
өтіп, 1993 жылғы желтоқсан айынан 1994 жылдың қыркүйек айы аралығында директор қызметін
атқарған.
Екінші рет газ өңдеу зауытына 1996 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін директор
болған. Осы кезеңге тура келген «Қазақ мұнайына - 100жыл» медальімен марапатталған.
«НұрОтан»ХДП «ҚазГӨЗ»ЖШС бастауыш партия ұйымының төрағасы. Маңғыстау облыстық маслихатының
4 шақырылым депутаты.
Мұратов Тобыш Нұрбергенұлы
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
1994 жылы қараша айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Мұратов Тобыш
Нұрбергенұлы тағайындалды.
Мұратов Тобыш Нұрбергенұлы - 1948 жылы қазан айының 19-да Түркімен ССР-нің Красновод
облысының Бекдаш поселкесінде дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. Шымкент қаласындағы
Қазақтың химиялық-технология институты неорганикалық заттар технологиясы факультетінің
инженер-химия технологы мамандығын 1971 ж. бітірген. Жанұялы. Отбасында екі қыз, екі ұлы
бар.
Еңбек жолын Түркімен ССР-ніңЧелекен қаласындағы химия зауытында бастаған. Қызметін төменнен
бастап цех бастығына дейін көтерілген. 1986 жылы тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударып,
Жаңаөзен қаласына келген. 1987 жылы Газ өңдеу зауытына № 1 цехтағы газ өңдеу қондырғысының
бастығы болып орналасқан. Аз уақыт ішінде газ өңдеу жұмысының технологиясын жетік игеріп,
алғашқыда цех бастығының орынбасар-лығына тағайындалып, 1989 жылы бастығына жоғарылатылған.
Жұмысқа жауапкершілігі зор, өндірісті ұйымдастыру-шылық қабілеті мол екендігін байқатқан.
1991 жылы бас технолог болып тағайындалса, 1993 жылы бас инженер қызметін, ал 1994 жылдың
қыркүйегінен 1996 жылдың қыркүйегі мерзімінде зауыт директоры қызметін атқарған.
Нұрмұханов Жұмағали Бақтыбайұлы
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
2007 жылы қазан айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Нұрмұханов Жұмағали
Бақтыбайұлы тағайындалды.
Нұрмұханов Жұмағали Бақтыбайұлы - 1960 жылы наурыз айының 11-де Түркімен ССР-нің Красновод
облысының Бекдаш ауылында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1984 ж. Шымкент қаласындағы
химиялық-технология институтының химия өндірісіндегі машиналар мен қондырғылар бөлімін
инженер-механик мамандығын бітірген. Жанұялы. Отбасында төрт перзенті бар.
Еңбек жолын мектеп бітірісімен 1977 жылы газ өңдеу зауытында электр монтеры болып бастаған.
1985 жылдың мамыр айынан бастап 1986 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақ газ өңдеу зауытында
шебер, 1989-1991 жылдар аралығында осы цех механигі, цех бастығы, ал 1994-1999 жылдарда бас
механиктің орынбасары, 1999-2000 жылы ЖШС «Ремсервистің» бас инженері қызметтерін атқарады.
2000 жылмен 2007 аралығында «Өзенмұнайгаз» өндіріс бірлестігінде департамент директоры. 2007
жылдың қазан айынан бастап 2013 жылдың қыркүйек айына дейін ЖШС «Қазақ Газ өңдеу зауытының»
директоры қызметін атқарды. Маңғыстау облыстық маслихатының 5 шақырылым депутаты. «ҚР
Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Маңғыстау мұнайына 50жыл» - ескерткіш
төсбелгісі-мен марапатталған.
Нағманов Кәрім Сәрсенғалиұлы
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
2013 жылы қыркүйек айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Нағманов Кәрім
Сәрсенғалиұлы тағайындалды
Нағманов Кәрім Сәрсенғалиұлы - 1960 жылы қараша айының 29-да Түркімен ССР-нің Красноводск
қаласында туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1983 жылы Шымкент қаласындағы
Химия-технологиялық институтының «Мұнай мен газды қайта өңдеу химиялық технологиясы»
мамандығы бойынша бітірген. Жанұялы. Отбасында екі қыз, бір ұлы бар.
Еңбек жолын Қазақ газ өңдеу зауытында 1983 жылы №1 Газ өңдеу цехында 5 дәрежелі
технологиялық қондырғы операторы болып бастаған.
1984-1993ж. аралығында №1, 2-ші Газ өңдеу цехтарында қондырғы бастығы, цех бастығының
орынбасары қызметтерін атқарды.
1993 жылдан Бас технолог, Бас инженер, Директордың газ өңдеу жөніндегі орынбасары болып
жауапты қызметтерін атқарды. 2013 - жылдың қыркүйек айынан бастап 2017 жылдың қыркүйек айына
дейін ЖШС «Қазақ Газ өңдеу зауытының» директоры қызметін атқарды.
Тулепов Накберген Аманбаевич
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
2017 жылы қыркүйек айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Тулепов Накберген
Аманбаевич тағайындалды.
Тулепов Накберген Аманбаевич - 1976 жылы тамыз айының 10 жұлдызында Маңғыстау облысында
туылған. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.
Алғаш Жаңаөзен қаласындағы мұнай техникумының «Мұнай және химия өнеркәсібі кәсіпорындары
жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу»-мамандығы бойынша 1995 жылы
үздік бағамен тәмамдаған. 1995-2000 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университетінің «Көмірсутегі материалдары мен отындық материалдардың
химиялық технологиясы» - мамандығы бойынша тағы да үздік бағамен бітірген. Мамандығы:
Инженер химик – технолог. Жанұялы. Отбасында төрт қызы бар.
Еңбек жолы: - 1994 ж. Жаңаөзен жөндеу – механикалық заводында (ЖРМЗ) турбокомпрес сорлардың
жөндеушісі мамдығынан бастаған.
- 1999ж. Қазақ газ өңдеу зауытында 3 дәрежелі технологиялық қондырғы операторы;
- 2000 жылы №1 Газ өңдеу цехында 4 дәрежелі технологиялық қондырғы операторы;
- 2001 жылы №1 Газ өңдеу цехының № 1 және 2 қондырғылар бастығы;
- 2002 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мұнай өндіру департаменті жетекші инженері;
- 2003 жылы Өндірісті жедел басқару бөлімі ауысым бастығы;
- 2007 жылы «Қарақұдықмұнай»ЖШС-ның УКПНГ қондырғысында инженер технолог;
- 2011-2013 жылдары «ҚазАзот» ЖШС-ның Бас технологы;
- 2013-2017 жылдар аралығында «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бас инженері;
- 2017-2023 жылдар аралығында «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры қызметін атқарды.
Байшуаков Болат Армиевич
Директоры АО «Казахский газоперерабатывающий завод»
2023 жылы ақпан айында - Қазақ газ өңдеу зауыты директоры қызметіне Байшуаков Болат Армиевич
тағайындалды.
Болат Армияұлы - 1975 жылы сәуір айының 05 жұлдызында Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында
туылған. Ұлты Қазақ. Білімі жоғары. Алғаш 1992 жылы Ақтөбе қаласындағы байланыс техникумына
«Көп арналы телекоммуникация» мамандығы бойынша түсіп, 1997 жылы тәмамдаған, мамандығы –
техник.
2002-2005 жылдар аралығында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық
университетін, Мұнай-газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары инженері мамандығы бойынша
бойынша бітірген. Мамандығы: Инженер. Жануялы. Еңбек жолы:
- 1995-1997 жылдар аралығында Жаңажол мұнай-газ өңдеу комплексі, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»
АҚ-ның газ өңдеу және күкірт алу цехының технологиялық қондырғы операторы мамандығы
бойынша жұмыс жасаған;
- 1997-1998 жылдары мұнай өңдеу цехының технологиялық қондырғылары жөндеушісі;
- 1998-2002 ж. мұнай өңдеу цехы технологиялық қондырғы операторы (3,4,5-разряд).
- 2002-2005 жылы мұнай өңдеу цехының инженер-механигі;
- 2005-2007 жылы мұнай өңдеу цехының технологиялық инженері, инженер-технолог;
- 2007-2012 жылдары өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасары;
- 2012-2014 жылдары аралығында зауыттың бас технологының орынбасары;
- 2016 жылы өндірістік-техникалық бөлім бастығы;
- 2016-2018 жылдары Мұнай сервистік қызметтері жобалары департаменті «ҚазМұнайГаз "Барлау
Өндіру" АҚ-ның, ҚазГӨЗ өндірістік қызметіне жетекшілік ету бойынша бас маман;
- 2018-2023 жыл «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС бас инженер-директордың орынбасары.
- 2023 жылдан бастап «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры қызметін атқарып келеді.